Алматы облысында әйел көңілдесі үшін күйеуі мен балаларын тастап кетті
Алматы облысының тұрғыны Амрум Насипов екі баласымен қалып қойған. Ол өз оқиғасын КТК телеарнасындағы “Другая правда” бағдарламасында баяндап берді.
Оны әйелі екі баласымен қосып үйден қуып шыққан. Егіз сәбилерін көтерген ер адам талай түн көлікте қонуға да мәжбүр болыпты.
“Менің ұлым және қызым бар. Ұлымның аты Назар, ал қызым Влада. Олардың дені сау және бақытты болып өсуі үшін қолымнан келгенін жасап жатырмын”, – дейді Амрум.
Еркектің өміріндегі қиындық қайын енесі қайтыс болған соң басталған. Сол кезден бастап жас әйел Ирина өзге біреумен көңіл қоса бастайды.
Амрумның айтуынша, оның экс-әйелі анда-санда хабарласып, балалардың денсаулығын сұрап қояды екен. Бірақ, өмірлеріне ешқашан араласқан емес. Ал қазіргі күйеуінен бір ұл туып алыпты.
Қазір Амрум өзін паналатқан Борис Абашидзенің үйінде тұрып жатыр. Ал балаларға Бористің көршісі қарайды екен. Амрумның өзі күні бойы такси айдап күн көреді. Бірақ, тапқаны аз болғандықтан көмекке мұқтаж.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда жоқшылықта өмір сүріп жатқан көпбалалы ана балаларын сотқа берді
9 жасар қыз елден қуылған ата-анасын Қазақстанға қайтарды
Қазақстандық шенеуніктердің жалақысын 2 есеге арттыру туралы ұсыныс жасалды
Ақмола облысында жас жігіт «лайк» басамын деп темір тордан бір-ақ шықты