Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 22 жастағы мүгедек қызды зорлаған ер адам жазасыз қалған

Көпбалалы ана Меруерт Шаяхметова 22 жастағы қызының көршіге зорланғанын айтты. Зорлыққа ұшыраған бойжеткен 2-топ мүгедегі екен. Жантүршігерлік жағдай Алматы облысының Алғабас елді-мекенінде осыдан жеті ай бұрын болған. Алайда іс әлі күнге дейін сотқа жетпеген.

мугедек кызды зорлаган 1808

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

22 жастағы Перизат Ратаева шамамен бір жылдан бері үйінен шықпай келеді. Екінші топ мүгедегі елдің көзі мен сөзінен, ал ең бастысы, тағы да зорлыққа ұшыраймын ба деп қорқады. Алғабас ауылының тұрғындары бойжеткеннің зорлыққа ұшырағанын біледі. Ал қылмыскер – басқа емес, зорлық көрген қыздың көршісі.

“30 қаңтар күні кешкі сағат 5-те қызымды дүкенге жібердім. Ол уақытта дүкен иесі саудада жалғыз болатын. Перизаттың мүгедектігін пайдаланған ол қызымды өлтіремін деп қорқытып, артынша қоймаға апарып зорлап тастаған. Үйге қорыққан күйде қайтып келді, қан кетіп жатты», – дейді жәбірленушінің анасы Меруерт Шаяхметова.

Дәрігерлер қыздың зорланғанын растапты. Тіпті, қанды тоқтату үшін арнайы гинекологиялық ота жасалған екен. Ал тумысынан дамуы баяулаған қыздың жағдайы онсыз да мәз емес-тін. Оған «жеңіл ақыл-ой кемтарлығы» диагнозы қойылған. Алайда Перизат айналада не болып жатқанын, бәрін түсінеді, сөйлей алады. Зорлыққа ұшырағаннан кейін ол бірнеше ай бойы өздігінен қозғала алмаған. Ол күнді еске алса, көз жасын тоқтата алмайды. Ал қайғыдан қан жұтқан ана полицияға шағым түсірген. Істің анық-қанығы анықталғанша, күдіктінің анасы мен әйелі көршілерінен кешірім сұрап, өтемақы ретінде ақша ұсыныпты. Алайда отбасы оны қабылдамаған, қылмыскер лайықты жазасын алса екен дейді.

Алайда арада жеті ай өтсе де, іс әлі сотқа жетпеген. Ал Меруерттің адвокат жалдауға ақшасы жоқ.

«Бірқатар сараптамалар жүргізіліп жатыр. Соттық-медициналық, соттық-биологиялық, соттық-психиатриялық. Күдікті азамат анықталды. Ол азамат әзірге қала аумағынан шыға алмайды», – дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Құқық қорғаушының пікірінше, мүмкіндігі шектеулі қыз өзін-өзі қорғауға дәрменсіз халде болғандықтан, күдіктінің жазасын ауырлатуға болады.

«Егер ол кінәсіз болса, туыстарын – анасы мен әйелін кешірім сұрауға жібермейді. Ал басынан өткен оқиғаға қыздың ақыл-есінің баяу дамуының қатысы жоқ», – дейді адвокат Рэна Керимова.

Тәртіп сақшылары сараптамалардың қашанға дейін созылатынын және істің қашан сотқа берілетінін нақты айта алмай отыр. Ал әзірге күдікті бостандықта жүр. Перизат болса қорқынышпен өмір сүруде.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 21 жастағы жігіт ақылынан алжасқан анасымен бірге тоғайда тұрып жатыр

Жасөспірім тәттімен алдап қарындасын бірнеше рет зорлаған

Атырауда жүзден аса отбасы құлағалы тұрған апатты жатақханада тұрып жатыр

Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды

Талқылау