Алматы облысында 12 жастағы қыз бен бала үйлерінен бірігіп қашып кеткен
Алматы облысында ата-анасы 12 жастағы оқушыларды екі күн бойы іздеді.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2006 жылғы жасөспірімдер Іле ауданында тұрады. Байсерке ауылы маңындағы саяжайлардың бірінде тұратын олар 19 ақпан күні үйлеріне оралмаған.
«Іздеу жұмыстары Алматы қаласында да жүргізілді. Мұғалімдер мен мектеп инспекторлары екі баланы «Саяхат» ауданынан тапты. Олар екі күн бойы осы жерде қаңғып жүрген және сол маңда түнеген. Қазір оқушылар ата-анасына тапсырылды. Айта кету керек, екі оқушы бір мектепте оқымайды», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бұл екі оқушының үйден қашуы алғашқы жағдай емес екен. Сондықтан ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, жауапты мамандар барлық құжаттарды жинап, жасөспірімдер ісімен айналысатын әкімдіктегі комиссияға тапсырған. Ата-анасын ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарастыратын болады.
Тағы да оқыңыз:
Атыраулық ақсақал есеп беруге келген әкімге өлеңдетіп ерекше бата берді (видео)
Жесір әйелді жасырын жыныстық қатынасқа шақырған діндар оқиғаның қалай болғанын айтып берді