Алматы облысы тұрғыны бірнеше ай бойы әйелін үйде қинап ұстап, жәбірлеп келген
Алматы облысында полиция қызметкерлері әйелін жәбірлеп келген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Stan.kz өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметі бойынша, аталған факті Іле ауданында тіркелген. Жергілікті полиция қызметкерлері Междуреченск ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстаған. Бұған дейін ер адамның әйеліне қол көтеруіне байланысты бірнеше рет шағым түскен екен.
Полициейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті полиция қызметкері ерлі-зайыптыларды мерзімді түрде бақылап тұрған. Жәбірленушінің айтуынша, күйеуі оны төркінінен бірнеше рет алып кетіп, үйде мәжбүрлеп ұстап, ұрып-соққан екен.
«Әйел өз жауабында күйеуінің қыркүйек айынан бастап ұрып-соғып келгенін айтты. Алайда тек қараша айында аудандық полицияға шағымдануды ұйғарған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 110-бабы 2-бөліміне (Қинау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары басталды», – деп мәлімдеді облыстық департамент баспасөз қызметі.
Қазақстандық ҚК бойынша күдікті ер адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысы полицейлері 7 бірдей секс-притонды әшкереледі
Қызылордада “Аналар аллеясы” ашылды (фото)
Ақтөбелік әйел ұлына қыздың есімін беріп, қашып кеткен
Қазақстан тұрғыны көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео)