Алматы облысы полицейлері 7 бірдей секс-притонды әшкереледі
Алматы облысы полиция қызметкерлері интимді қызмет көрсеткен 7 бірдей притон жұмысын тоқтатты, – деп хабарлайды Stan.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сурет: ОҚО ІІД баспасөз қызметі архивінен
Аталған факті бойынша 10 адам сутенерлік және жеңгетайлықпен айналысып, притон ұстады деген күдікке ілініп, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары Жаркенттен 4 притонды әшкерелеп, қылмыстық бизнескен қатысты тұлғалар ұстады. Аталған топтың көшбасшысы қамауға алынды.
«55 жастағы ер адамды қамауға алу санкцияланды. Ер адамнан өз атына рәсімделген бірнеше қызмет куәлігі табылған.
Олардың қатарында судья, кәсіби медиатор куәліктері мен ер адамның «Еуразия мемлекеттерінің құрметті азаматы» екені көрсетілген құжат бар.
ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлімі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары барысында аталған куәліктердің шынайылығы тексеріледі», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Притондарда ұсталған 25 жезөкше полиция бөліміне жеткізілген. Онда жеңіл жүрісті қыздар полициялық профилактикалық тіркеуге алынды.
Оқи отырыңыз:
Қызылордада “Аналар аллеясы” ашылды (фото)
Ақтөбелік әйел ұлына қыздың есімін беріп, қашып кеткен
Қазақстан тұрғыны көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео)
Жаңаөзенде тепловоз қатысуымен болған апатта 9 адам көз жұмғаны анықталды (фото, видео)