Басты жаңалықтар
Алматы қаласында полиция қызметкерлерінің көлігі өртенді: ТЖК жауап берді (видео)
Инстаграм желісінде Алматы қаласының Майлина көшесінің Хмельницкого қиылысында полиция қызметкерлерінің автокөлігі өртенген видео пайда болды. Осыған орай ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп желіге таратқан. Астына жазылған пікірлерде автокөліктің толықтай жанып кеткені және ешкімнің зардап шекпегені айтылған.
ТЖК мәлімдеуінше аталған оқиға бойынша өрт сөндіру қызметіне 12:50 де қоңырау түскен.
«Майлин көшесінің Хмельницкого қиылысында полиция қызметкерлерінің автокөлігі өртенді деген хабарлама 12:50 де түсті. Өртті сөндіруге арнайы құрамның төрт қызметкері және Алматы қаласының ТЖК бір өрт сөндіру көлігі барды. Өрт 12:53 уақытында сөндіріліп, 12:59-да жойылды. Зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
Шахризаданың да бауырлары Египеттен келген жездесін жақсы көріп үлгерген

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
Сөзінше, бұл аналық бездің мерзімінен бұрын әлсіреп, сарқылуынан туындайды