Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы базарларында өзгелерді ұрып-соғып, мүлкін тартып алатын ұрылар ұсталды

Алматы полициясы базар қарақшыларын ұстады. Наурызбай ауданында екі адам ұсталды. Олар наразылық білдіргендерді базарда ұрып-соғып, содан соң мүліктерін алып, материалдық залал келтіргендер, деп хабарлайды Stan.kz.

Фото: Алматы ІІД

«Күдіктілер кеше «Барлық» базары аумағында қылмыс жасады. Олар өзгенің мүлкін иемдену үшін базарға барып, қылмыс жасаған. Біздің бөлімшенің қызметкерлері Шымкент және Алматы облысының тұрғынын ұстады. Олар 19 және 25 жаста. Осы айыпталушыларға қатысты үш қылмыстық эпизод орнатылды. Оған қоса, олардың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», – деді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дінмұхамед Әуелхан.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сай алдын ала тергеу жүргізілуде.

«Егер сіз осы адамдардың қылмыстық қол сұғуынан зардап шеккен болсаңыз, Наурызбай ауданының полициясына 254-44-64; 254-44-60 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау