Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы автобустарында билетсіз жүрген жолаушыларды полицейлер жаппай ұстап жатыр

Алматыда полицейлер тек соңғы аптаның ішінде 150 билетсіз жолаушыны ұстаған. Олармен сөйлесіп те жатпайтын тәртіп сақшылары бірден бөлімшеге алып келіп, хаттама толтырады. Тегін жүргісі келгендер 4500 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс, деп хабарлайды КТК.

7474

Бақылаушылардың айтуынша жолаушылар үнемі сылтау табады. Бірі билет алып үлгермегенін айтса, бірі кондуктор жоқ деп сылтауратады екен. Ешқайсы өз кінәсін мойындамаған.

“Бақылаушылармен ерегесе кетеді. Жараланып қалғандар да болды. Жолаушылар өздерін тым ашулы ұстайды. Бақылаушылар өз жұмыстарын атқарып жүр ғой,” – дейді «Green Bus Company» ЖШС бақылаушысы Андрей Решетников.

Тасымалдаушылардың айтуынша, билетсіз жүруге құмар жолаушыларды әр автобустан кезіктіруге болады. Әсіресе, ондайлардың қарасы 34, 30, 118 бағыттағы автобустар да көп болады екен.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада қатты ыстықтан бағдаршам еріп кетті

Жол апатында екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева ауруханада түскен суретін жариялады

Ақтауда 1 тоннадан астам бекіре жасырылған заңсыз қойма анықталды

Маңғыстау облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр

Талқылау