Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматының сұлулығы туралы ролик "Реал Мадридтің" аккаунтында 20 миллионнан астам рет қаралды

Алматы ролик Реал Мадридвидеодан скрин

Испанияның "Реал Мадрид" футболшылары Қазақстанға келген соң клубтың ресми аккаунтында Алматы туралы екі ролик пайда болды. Олар 20 миллионнан астам рет қаралып, 100 мыңнан астам пікір жазылған. Қазақстандықтар әлемдік футбол қауымдастығы тарапынан мұндайды бірінші рет көріп отырғандарын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнероликтерде қаланың көрнекті жерлері түсірілген.  Өнер қайраткерлерінің ескерткіштері, 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіндегі үлкен шіркеу және биіктіктен Алматы көрсетілген. Кадрлар құстардың дауысымен және жергілікті домбырашының орындауындағы қазақ тіліндегі әндермен сүйемелденеді. Музыкалық сүйемелдеу роликке ерекше ұлттық реңк берген.

Бір қызығы, посттағы пікірлер "Қайрат" - "Реал" матчынан кейін айтарлықтай өзгерген. Ойынға дейін қазақстандықтар қолдау мен жылы қарсы алу сөздерін жазса, сүйікті командасы жеңілгеннен кейін "Сендердің жолдарың болып кетті " немесе "Қайрат жеңілген жоқ, бұл қонаққа деген құрметтің белгісі" деген секілді сөздер қалдырған.

Әрине, көптеген пікірлер таңданыс пен алғысқа толы.

"Реал Мадрид” парақшасында қанша жыл жазылушысымын, бірақ оны мұнда туған Қазақстанымда көремін деп ешқашан ойламаппын", "Қош келдіңіздер, сүйікті команда! Біз сіздердің сапарларыңызға өте қуаныштымыз", "Мен мұнда өз елімді көріп отырғаныма сенбеймін. Қазақстанда түскен суреттерді көргенде орындықтан құлап кете жаздадым" деп жазды пайдаланушылар видеоның астына.

Айта кетейік, кеше "Қайрат" чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 18:06
Талқылау