Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарды "әкімдіктегі Галинаның" атынан келетін хабарламаларға жауап бермеуге шақырды

Алматы тұрғындары WhatsApp мессенджерінде өзін әкімдік қызметкері деп таныстырған Галина Маленкова атынан хабарламалар алған. Хабарламада ол әкім Ерболат Досаевпен байланысқа шығатыны айтылады және оларды әкімнің баспасөз хатшысы ретінде Галина Маленкова атынан жіберген екен. Хатта әкімнің қоңырауын күтіп, байланыста болу туралы ескерту бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы әкімдігі

Әкімдік ресми хабарламасында Галина Маленкова әкімшіліктің қызметкері емес екенін және хабарламалар алаяқтық екенін хабарлады. 

"WhatsApp мессенджерінде Алматы әкімдігінің қызметкері Галина Маленкованың атынан  +7 747 43 87 680 нөмірі бойынша жалған хабарламалар жазылып, әрі қоңыраулар шалынып жатыр. Бұл тұлға әкімдіктің қызметкері емес. Бұл алаяқтық! Мұны ресми мәлімдейміз. 

Сіздерден өтінеміз:

  • мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер
  • күдікті сілтемелерге өтпеңіздер
  • өздеріңіздің жеке деректеріңізді жібермеңіздер", – делінген әкімдіктің ақпараттық хабарламасында.

Сонымен қатар әкімдік қала тұрғындарына сақ болуды жәнге тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпаратқа сенуге шақырды. Күдік туындаған жағдайда-құқық қорғау органдарына хабарласыңыз дейді әкімдік.

Айта кетейік, 2024 жылы алаяқтық Қазақстанда ең кең таралған қылмыс түріне айналып, онлайн аферистерге 11 миллиард теңгеден астам қаражат аударылғаны хабарланды.



Еске салайық, былтыр алаяқтар Ерболат Досаевтың атынан "қарызға" ақша сұрап жатқанын жазған едік. Алматы әкімдігі қала басшысы Ерболат Досаевтың атынан қазақстандықтарға WhatsApp мессенджерінде жалған хабарлама жіберілгені туралы ескертті.

Талқылау