Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар қала орталығында 40 қабатты ғимарат салуға қарсы петиция жариялады

Фото: rams-global.com

Алматылықтар қала орталығына 40 қабатты ғимарат салуға қарсы петиция жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала тұрғындары RAMS Beyond Almaty жобасының құрылысын тоқтатуды талап етіп петиция жариялады. Тұрғындар жоспарланған сауда орталығының орнына саябақ жасауға шақырған. Сонымен қатар петиция авторларының айтуынша, жоба қоғаммен талқыланбаған. 

"Сейфуллин мен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы RAMS Beyond Алматы кешенін салуға арналған жер телімі жоғары тығыздықтағы тұрғындар мен көлік ағыны аймағында орналасқан. Жақын маңда жеткілікті жасыл желектер мен қоғамдық саябақтар жоқ. 40 қабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған аудан қазірдің өзінде автотұрақ тапшылығын, жолдарға және инженерлік желілерге жоғары жүктемені сезіп отыр", – делінген петиция мәтінінде. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі тоғыз қабаттан аспайтын ғимараттар салуға тыйым салынған жер теліміне 40 қабатты биік ғимарат салуға рұқсат берген еді. 

Мамыр айының басында Алматыға түрік актері Бурак Өзчивит келіп, "RAMS Beyond Алматы" құрылысының басталуына арналған баспасөз конференциясына қатысты. Актер жобаның бренд-амбассадоры атанды. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматының жоғары жағында тұрғын үй кешендерін салуға мораторий енгізілетіні туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 26 Тамыз, 2025 20:04
Талқылау