Алматылық жүргізуші eOtinish арқылы ереже бұзған көлік иесін жауапқа тартты
Фото: Видеодан скрин
Алматылық тұрғын eOtinish порталы арқылы Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісіне жаза қолдануға қол жеткізді. Жүргізуші Шығыс айналма жолында қауіпті маневр жасап, видео авторын оң жақтан озу арқылы "қатты кесіп кеткен". Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолдағы жағдайды бейнетіркегішке түсіріп, табандылық танытқан Елжан Қабышев әділдікке қол жеткізді. Ереже бұзушыға 100 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Оқиға наурыз айында болғанымен, қоғам назарына тек қазір ілікті. Елжан полицияға eOtinish порталы арқылы шағым түсіріп, нақты нәтиже алғанын егжей-тегжейлі баяндады.
Елжан Қабышевтың айтуынша, Land Cruiser жүргізушісі бірнеше рет бұрылыс сигналынсыз жолақ ауыстырып, басқа көліктерге қауіпті жағдайлар туғызған. Сонымен қатар ол бірнеше мәрте оң жақтан озып, апатты жағдай туындатқан. Бұл әрекеттердің бәрі бейнежазбаға түсіп қалған. Елжан осы материалдарды тіркеп, онлайн арыз берген.
Күтпеген жерден, Алматы полициясы арызға жылдам әрекет еткен. Үш күнде әкімшілік хаттамалар толтырылып, жүргізушіге Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 606-баптары (Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) бойынша айыппұл салынған. Бұл баптар маневр жасау ережелерін бұзу мен апаттық жағдай тудыруға қатысты.
Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Кейбір қолданушылар арызданушының бұл әрекетіне күмәнмен қараған. Олар "сол жақ жолақпен сағатына 65 шақырым жылдамдықпен жүруге болмайды" деген уәж келтірді.
Бірақ Елжан "сағатына 80 шақырымға жуық жылдамдықпен келе жатқанын, алайда бейнежазбаның сапасының нашарлығынан бұл анық көрінбейтінін" мәлімдеді. Соған қарамастан, көпшілік автордың ұстанымын қолдап, Toyota жүргізушісінің жазалануы – сирек, бірақ жүйенің жұмыс істейтінін көрсететін маңызды мысал екенін айтты.
Қытайлық көлік шығарушы өзін сынаған блогерден кешірім сұрауын талап етті
Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифін төмендету ұсынылды
Еске салайық, бұған дейін журналист Михаил Козачков желідегі парақшасында Алматыда апатты жарықшамын "рахмет" белгісі ретінде жаққан көлік жүргізушісі айыппұл арқалағанын жазды. Жүргізушінің "аварийка" қосқаны, бірақ оны басқа көлікке "рахмет" белгісі ретінде қолданғаны үшін айыппұл салынғаны туралы видео шықты. Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Онда жүргізуші авариялық сигналды қосқаны үшін айыппұл салынғаны туралы жазылған.

Желіде дүкенге барып сатушылармен сөйлесу арқылы қазақ тілін үйреніп жүрген азамат жұртты тәнті етті
