Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық зейнеткер inDrive компаниясынан электрмобиль ұтып алды

Алматылық зейнеткер inDrive компаниясынан электрмобиль ұтып алды

inDrive көлік және қалалық қызметтердің жаһандық платформасы Алматыдағы серіктес жүргізушілері арасында ауқымды ұтыс ойынын өткізіп, қорытындысын шығарды. Акцияның бас жүлдесі Хончи маркалы электрмобиль болды. Сонымен қатар компания ұтысқа смартфондар, Realme брендінің сыйлық бокстары, жанармайға ваучерлер және "Магнум" сауда желісіне сертификаттар салды.

Ұтыс ойынының басты кейіпкері – тәжірибелі жүргізуші Рыспанов Бахтана болды. Ол inDrive платформасына төрт жыл бұрын, зейнетке шыққаннан кейін бірден қосылған. Жұмыс істеген жылдары ол мыңдаған сапар орындап, жолаушылардан жоғары баға жинап, сенімді серіктес ретінде жақсы беделге ие болған. Бұған дейін Chevrolet Cobalt көлігін тізгіндеген Бахтана үшін бұл ұтыс жаңа әрі заманауи автокөлікке міну мүмкіндігін сыйлады.

Бахтана үшін бұл жеңіс күтпеген жерден болды. Ол көліктің кілтін табыстау рәсімінде толқып тұрғанын жасыра алмады. Нәтиже жарияланған сәттен кейін бірден ұлына қоңырау шалып, қуанышты жаңалығын бөліскен. Алайда ұлы бастапқыда бұған сенбей, алаяқтық болуы мүмкін деп күмәнданған. Тек Бахтана басқа жүргізушілермен бірге inDrive компаниясы ұйымдастырған ресми салтанатты шарада тұрғанын айтқан соң ғана, болып жатқан жайттың шын екеніне көзі жеткен.

"Мен автокөлік ұтып аламын деп мүлдем ойламаппын. Мен үшін inDrive – жай ғана жұмыс емес, өмірімнің бір бөлігі. Қарапайым жүргізушілерді көріп, бағалай білетін компанияға алғысым шексіз. Бұл электрмобиль – cыйлық қана емес, одан да жақсы жұмыс істеуге ынталандыратын үлкен мотивация екен", – деп қуанышын бөлісті Бахтана Рыспанов.

Электрмобильдің бас жүлде ретінде таңдалуы да кездейсоқ емес. Алматы мен Астана секілді мегаполистер үшін таза ауа мәселесі өте өзекті. Ең белсенді серіктестерін "жасыл" көлікке мінгізу арқылы inDrive қалалық ортаның декарбонизациясына нақты үлес қосып отыр. Бұған дейін компания 2025 жылдың соңына дейін электрмобильдер үшін комиссияны алып тастайтынын және жүргізушілер арасында байқау өткізілетінін жариялаған еді.

Жалпы ұтыс ойынына мыңдаған жүргізуші қатысты. Алайда финалға олардың ішіндегі ең табанды 12 адам ғана жетті. Әр қатысушы жүлденің аты ішінде жазылған шарды өзі таңдады. Мұндай әдіс ұтыс ойынының барынша ашық өтуіне мүмкіндік беріп, жүлдені таңдауды қатысушылардың өз еркіне қалдырды. Бас жүлдеден бөлек, компания қысқы мерекелер қарсаңында жағымды тосынсый болатын тағы бірнеше ондаған құнды сыйлық дайындады.

• 4 заманауи смартфон;
• Realme брендінен 4 сыйлық бокс;
• 150 жанармай ваучері;
• "Магнум" супермаркеттер желісіне арналған 150 сертификат.

inDrive өкілдерінің айтуынша, мұндай бастамалар қауымдастықтағы адамдардың ішкі сенімін нығайтып, жүргізушілерді қызмет сапасын арттыруға ынталандырады.

"inDrive үшін жүргізушілер – сервистің сапасы мен пайдаланушылардың сенімі тікелей тәуелді болатын негізгі серіктестер. Бұл жоба қолданбадағы әр цифрдың артында адам мен оның еңбегі тұрғанын тағы бір мәрте көрсетті. Біздің платформа әділетсіздікпен күресу үшін құрылған, ал бұл акция – серіктестеріміздің қаржылай тәуелсіздігіне қосқан үлесіміз", – деді inDrive-тың Қазақстандағы бизнес жетекшісі Арай Бекембаев.

Ұтыс ойыны қараша мен желтоқсан аралығында ең көп сапар жасап, жоғары рейтингін сақтаған “Платинум” деңгейіндегі жүргізушілер арасында өтті. Ұтыс форматы белсенді әрі жауапты жүргізушінің әрқайсысы жеңіске жетуге нақты мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырылған. Бұл тәсіл кездейсоқ қатысушыларды емес, сервистің оң имиджін күнде қалыптастырып жүрген жандарды марапаттауға мүмкіндік берді.

Еңлік Сақтан
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 15:48