Алматылық заңгердің өлімі: Сот Асанованың бұрынғы күйеуін 1,5 жылға бас бостандығынан айырды
Алматылық заңгер Айман Асанованың жантүршігерлік өлімі халықты дүрліктірді. Күдікті бір тәулікке жетпей қолға түскен. Заңгердің өліміне қатысты тың деректер пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жағдайдың шиеленіскені сонша, тергеу барысы Алматы полиция департаментінде ғана емес, сонымен қатар Ішкі істер министрлігі тарапынан да бақылауға алынды.
Күдіктіні ұстауға Алмалы аудандық полиция бөлімшесінің басшысы Есен Ысқақов бастаған Алматы полициясының ең таңдаулы жасақтары жіберілді. Бір тәулікке жетпей күдікті қолға түсті. Ол бірден кінәсін мойындаған.
2019 жылдың қараша айында Талғат Нұртаев пен Айман Асанова үйленіп, бірге тұра бастаған. Талғат бұған дейін екі рет үйленіп, ажырасқан. Ажырасқан сайын әйелдеріне пәтер сатып алып беріп отырған. Заңгермен үйленгеннен кейін ол қаланың жоғарғы жағындағы қымбат тұрғын үй кешенінде тұрады. Бірақ үш жылдан кейін ерлі-зайыптылар ажырасып кетеді.
Ажырасқаннан кейін Нұртаев өз ақшасына сатып алған, бірақ Айманға тіркеген пәтер мәселесі туындаған. Олар өзара пәтерді бөлісе алмапты.
Өткен жылдың 8 қазанында Нұртаев тағы да Айманға келген. Ол Асанованың тоқтап, үйге қарай бет алғанын күтіп, алдынан шығып, мүлікті бөлу туралы әңгімеге кірісіпті. Нұртаевтың айтуынша, Айман өте эмоционалды түрде жауап берген.
Талғат Айманның намысына тигенін алға тартады. Ол Айманның қолынан пышақты жұлып алып, келіншектің мойны мен басынан ұрып, оған өлімге алып келетін жарақат салған. Сот-медициналық сараптамасы бұл жарақаттарды ауыр дене жарақаты деп тапты.
Көптеген пышақ жарақаттарынан Айман ес-түссіз жатқан, Талғат оқиға орнынан кетіп қалған. Бір күннен астам қаланың үздік дәрігерлері Асанованың өмірі үшін күресті. Алайда заңгерді құтқару мүмкін болмапты.
Қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотқа берілді. Еркін Майшыновтың төрағалығымен алқабилердің қатысуымен ашық сот отырысы өтті.
Сот үкімімен Айман Асанованы Талғат Нұртаевтың өлтіру фактісі толық дәлелденді.
Судья Нұртаевтың кінәсін ішінара мойындауын және кішкентай балалардың болуын ескеріп, жазасын жеңілдетті.
"Жеке араздық пен өшпенділік салдарынан менде Айман Асанованы өлтіруге бағытталған қылмыстық ниет болды. Оның күн жоспарын білгендіктен, Қазыбек би көшесіндегі №125 үйдің жанында өлтіруге бел байладым", - делінген оның мәлімдемесінде.
Талғат Нұртаевқа бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын колонияда өтеу туралы үкім шығарды.