Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық “Қайрат” қатарына жаңа футболшы қосты

 

футболшы“Қайрат” фк

Алматының "Қайрат" футбол клубы жаңа ойыншыны ресми түрде таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Команданың қатарына финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен қосылды. Футболшы алматылық ұжыммен 2027 жылға дейін келісімшартқа қол қойды.

Оксанен кәсіби мансабын Финляндияның "ХИК" клубында бастаған. 2018 жылы Англияның "Брентфорд" командасына ауысып, кейін жалға беріліп "Уимблдон" мен шотландиялық "Мортон" клубтарында ойнады.

2022 жылдан бері ол финляндиялық "КуПС" командасының намысын қорғап, сол ұжымнан "Қайратқа" ауысты.

Айта кетейік, осы маусымда Яакко Оксанен УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Қайратқа" қарсы алаңға шыққан. Қос матчтың қорытындысы бойынша алматылық клуб 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті. Ал финляндиялық жартылай қорғаушы алғашқы ойында гол соққан еді.

Маусым қорытындысында Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. Ол Финляндия ұлттық құрамасында бір ойын өткізсе, U-21 жастар құрамасында 15 матчта өнер көрсеткен.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 15 Желтоқсан, 2025 17:14