Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ер адам "Сәтті жұлдыз" лотереясынан 38 миллион теңге ұтып алды

Сәтті жұлдыз

Алматылық Нұрбол "Сәтті Жұлдыздың" 5/36 лотереясының жеңімпазы болды. Осылайша ол 37 855 200 теңге ұтып алды. Ер адамның бұл жеңісін төзім мен сенімнің үлгісі деп атауға болады. Олай дейтін себебіміз – Нұрбол лотереяға 15 жылдан бері қатысып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұтыс жеңімпазының сөзінше, ол "Сәтті Жұлдыздағы" 5/36 және LOTO 6/49 лотереяларына қатысқанды ұнатады. Нұрбол ұтыстарға бұрыннан қатысып жүргенін айтып берді.

"Сәтті Жұлдыздың" екінші тиражынан бері қатысып келе жатырмын. Жалпы лотереяға қатысып жүргеніме 15 жыл болды", – деді Нұрбол.

Нұрбол жеңістен кейін қандай сезімде болғанын бөлісті. Сонымен қатар ол өзге қатысушыларға сәттілік тілеп, жақсыға деген сенімді жоғалтпауға шақырды.

"Керемет сезімде тұрмын. Бұл – менің 15 жылдан бері сарыла күткен ұтысым. Бала-шағамызбен қуанып жатырмыз. Сіздер де сеніңіздер, қатысып көріңіздер. Міндетті түрде ұтасыздар. Мен де 15 жыл бойы сеніп келдім. Енді бүгін осындай табысқа жетіп тұрмын", – деп қуанышын жасырмады алматылық Нұрбол.

Ал "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Лыткина Мария Владимировна ірі ұтыстар компанияның жүйелі әлеуметтік жұмысымен қатар жүретінін айтты.

"Әр сатылған билет – ұтысқа мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қоғамның дамуына қосылған нақты үлес. Сондықтан әлеуметтік жауапкершілік – біздің бизнес-моделіміздің ажырамас бөлігі", – деп атап өтті "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Лыткина Мария Владимировна.

"Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Лыткина Мария Владимировна

Ол сондай-ақ 9-28 ақпан аралығында өтетін "Марафон Charity" қайырымдылық акциясының басталғанын хабарлады. Акция аясында лотерея билеттерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі "100 ауыл" әлеуметтік жобасын қолдауға бағытталады.

"Біз үшін әлеуметтік бастамалардың тұрақты әрі өлшеулі әсері болғаны маңызды. "100 ауыл" жобасының арқасында еліміз бойынша 30 000-нан астам бала мен 140 мектеп спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді", – деді Мария Лыткина.

Сонымен қатар "Марафон Charity" акциясы аясында жиналған қаражаттың бір бөлігі қосымша түрде оның қатысушылары арасында ойнатылады.

"Лотереядағы ұтыстың әрқайсысы – әрдайым жеке оқиға. Алайда біз үшін әр осындай оқиғаның артында ортақ құндылықтар – өңірлерді, балаларды және елдің болашағын қолдау тұрғаны қағидатты түрде өте маңызды", – деп түйіндеді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті.

Айта кетейік, 13 ақпанда "Сәтті Жұлдыздың" LOTO 6/49 лотереясында автокөлік ұтысы өтеді. СуперЖүлде – 50 000 000 теңге.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 15:00