Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ботаникалық бақта келушілер аққуды мойнынан тартып, қатігездік көрсеткен (видео)

Ботаникалық саябақта келушілер аққуды ұстап алғанФото: Видеодан скрин

Алматыдағы ботаникалық бақта бір топ келушінің аққуларға қатыгездік көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды. Кадрда ер адамдардың құстарды мойнынан ұстап, “тұншықтырып” өздеріне қарай тартып жатқаны анық көрінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видео авторының айтуынша, олар бұл әрекеттері үшін ескерту алған кезде, жауап ретінде ашу мен балағат сөздер айтқан.

Бақтың баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ішкі тексеріс басталғанын және полициямен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазір құқық бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ботаникалық бақ әкімшілігі тұрғындарды табиғатқа құрметпен қарауға, әсіресе, сирек кездесетін жануарлар мекендейтін қорғалатын аймақтарда жануарларға ұқыпты болуға шақырды.


Алматылықтар Ботаникалық бақта егеуқұйрықтардың көбейгеніне шағымданды


"Есесіне тегін": Астанадағы Ботаникалық бақта суға шомылып жүрген екі ер адам полиция назарына ілікті (видео)


Еске салайық, бұған дейін Астанадағы донер сататын орын өз жарнамасына тірі түйеқұсты пайдаланып, қоғамның наразылығын тудырды. Жарнамалық видео Instagram желісінде жарияланып, онда мекеме алдында тұрған түйеқұстың адамдардың назарын аударып тұрған сәті бейнеленген. Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан "жабайылық", "адамдықтан жұрдай әрекет" деп сынға ұшырады.

Қоғамдық резонанстан кейін Астана қаласының полиция департаменті тексеріс жүргізіп, жануарға қатыгездік фактісі анықталмағанын мәлімдеді. Түйеқұс жарнамалық мақсатта Сарыағаштан әкелініп, кейін Қоянды ауылындағы фермаға жеткізілген.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 06 Тамыз, 2025 14:06
Талқылау
`