Алматылық 29 жастағы әйел бала туғаннан кейін ауырып, перзентханада көз жұмды
Фото: Алина Савелидің желідегі парақшасынан/ Марқұм Кристина Илющенко
Әлеуметтік желіде Алина Савели 29 жастағы әпкесі көз жұмғанын жазды. Оның айтуынша, Кристина Илющенко Алматыдағы Басенова 2а перзентханасында кеуде сүті бітелуімен ауруханаға барған. Алайда шығуға дайындалып жатқан сәтте жүрегі тоқтап қайтыс болған. Істің мән-жайын білу үшін Stan.kz Алматы денсаулық басқармасына сауал жолдады.
Алина Савели әпкелерінің өлімі жақындарының жүрегін ауыртқанын айтады. Оның сөзінше, ет жақыны емделуге барып, перзентханада жан тәсілім еткен.
"Біз Алматы қаласындағы Басенова 2а мекенжайындағы перзентханада жас, әдемі әрі дені сау қызымызды, әпкемізді, жас жарды және жаңа туған сәбиінің анасын жоғалттық. Біздің отбасымызда үлкен қайғығылы жағдай болды. 1996 жылы туған әпкем Кристина Александровна Илющенко 2025 жылдың 14 қарашасында босанды. Бала емізетін ана еді. Әпкем ақылы перзентхананы таңдау кезінде өте мұқият қарады, себебі бұл ұзақ күткен жүктілік және 29 жасында алғашқы босануы болған еді", – деп түсіндірді Алина Савели.
Марқұмның сіңлісінің айтуынша, 3 желтоқсанда (20 қарашада үйге шыққан соң) ол кеуде сүті жолдарының бітелуі және кеуде қабынуына шағымдана отырып, перзентханаға қайта барған.
"Сүт безінің қабынуы (фильтровый мастит) және сүт безіндегі сүттің азайып кейде тоқтап қалуы (лактостаз) болды. Сүті тек оң жағындағы омыруын сүт шықпай қалды. Ал сол омырауы қалыпты істеп тұрды. Әпкем баласымен бірге ауруханаға жатқызылды. 9 желтоқсан күні таңертең оған ауруханадан шығуға рұқсат берілуге тиіс еді. Ол заттарын жинап, шығуға дайындалып, тынығу үшін жатып қалды. Сол сәтте кенеттен ерекше, алаңдататын тыныс алу бұзылысы пайда болған. Жедел реанимация жүргізілген, бірақ жүрегі тоқтағаны, бірақ оны қайта қалыпқа келтіру мүмкін болмағанын хабарлады", – деді Алина Савели.
Туыстары әлі сот-медициналық қорытындыны алмағанын айтады. Барлық сараптама нәтижесін күтіп отырғанын атап өтті.
"Біз ешкімді айыптамаймыз. Тек адал тергеу үшін бәрінің білгенін қалаймыз. Әпкемнің бұған дейін жүрекпен мәсеселері болған емес. Ол ауруханаға тек сүті бітеліп кеткендіктен ғана барған еді… Ал енді шығуға дайындалып жатқан күні оның соңғы сапарына айналды", – деді Алина Савели көпшіліктен көмек сұрап.
Осы мәселеге қатысты редакция Алматы денсаулық басқармасынан пікір сұрады.
“Жағдайды объективті және жан-жақты талдау мақсатында Алматы қаласы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тексеру жүргізу туралы хат жолданды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы бойынша түпкілікті қорытынды уәкілетті органның тексеру нәтижесінен кейін, сондай-ақ сот-медициналық сараптама аяқталған соң ұсынылады”, – деп жауап берді денсаулық басқармасы.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді