Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісі: Ескерту дабылының іске қосылмауына байланысты 14 адам жазаланды

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесінің іске қосылмауына байланысты 14 қызметкер қатаң жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tgstat.ru

Төтенше жағдайлар министрлігі аталмыш оқиғаға қатысты жүргізілген қызметтік тексерістің нәтижесін жариялады.

"Алматыдағы жер сілкінісі кезінде бөлімшелердің тиісті әрекет етпеуіне қатысты жүргізген қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша 14 қызметкер, оның ішінде министрліктің төрт басшысы, сондай-ақ бес орынбасары, министрлік қарамағындағы ұйымның басшысы, аумақтық бөлімшенің басшысы мен оның орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – делінген министрлік хабарламасында. 

Төтенше жағдайлар министрлігі мен департаментінің екі басшысына қатысты іс бұрын салынған жазамен шектелген.

Еске салсақ, 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматыда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі кезінде Алматыда дыбыстық дабылдың қосылмауына байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы түсініктеме берді. Президент Тоқаев Алматыда өткен жиында жер сілкінісі кезінде дыбыстық дабылдың қосылмауының дұрыс болғанын атап өтті

Талқылау