Алматыда жаттығу кезінде сарбаз өз аяғына оқ атқан

Фото: depositphotos.com
Алматыдағы оқу полигонында өткен жаттығу кезінде әскери қызметкер өз аяғына оқ атты. Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз қауіпсіздік талаптарын бұзған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамымен жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес оқу атысы өткізілген.
“Қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан 2–2025 шақырылымының мерзімді әскери қызметкері қатардағы Г АК-74 автоматы арқылы сол жақ аяғына жанай оқ тигізіп, өзіне жарақат салған. Оқиға орнында оған қажет медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қаласындағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Әскери қызметкердің жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіпті мүшелер зақымданбаған”, – деп мәлімдеді ведомство.
"Бір айдан кейін табытпен оралды": Жамбыл облысында ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды
Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Жамбыл облысында сарбаз өз саусақтарын шауып тастағанын жазғанбыз.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген