Алматыдағы ұшақ апаты: Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Алматы маңында орын алған әскери әуе апатынан қайтыс болған жандардың жақындарына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, оқыс оқиға орын алған жерге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев барды.
Қала әкімі Twitter-аккаунтында жағдайды бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
"АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", — деп жазды Сағынтаев.
Еске салсақ, ағымдағы жылдың 13 наурызында Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17:22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Төртеуі қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
