Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тұрғын үйдің кіреберісінен жаңа туған қыз нәресте табылды

Алматыдағы екі қабатты үйдің тұрғындары кіреберістің екінші қабатында, бір пәтердің есігінің алдында жаңа туған қыз баланы тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Мәліметтерге сенсек, оқиға бейсенбі күні күндіз болған. Шошып кеткен адамдар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған.

"Бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр. Қазіргі қыз бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Баланың анасының кім екені әлі анықталған жоқ, оны іздестіріп жатыр.

"Оперативті басқару орталығының хабарлауынша, жаңа туған қыз баланы Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алған. Түрксіб ауданының полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.



Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Алматы облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен сәбидің анасы ұсталды. Қазір күдікті әйел ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізілген.

Талқылау