Алматыдағы тұрғын үй кешенінде күзетшіні қатыгездікпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қайта қозғалды
Алматыда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлікпен бірнеше рет қағып өлтірді деп айыпталған бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс қайта қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алматы қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Күдікті қамауға алынды. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты үзілген еді. Қазір өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі", – деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 45 жастағы ер адамның өзі тұратын тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтіріп кеткені туралы жазған едік.
Айыпталушы бұрынғы депутаттың ұлы екені белгілі болды. Кейін күдіктінің психикалық ауруы бар болуына байланысты тергеу тоқтатылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"