Алматыдағы тау етегінде ірі өрт шықты
Видеодан скрин
Алматы қаласы Медеу ауданындағы Кеңсай-1 аумағында тау бөктерінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды.
Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше, таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
“Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмысын жалғастыруда: 58 қызметкер және 13 техника бірлігі жұмылдырылған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардан 6 су тасушы және 6 адам тартылған.Сарсенбаев көшесіндегі жеке секторға өрттің таралу қаупі сәтті жойылды. Өрт сөндіруге түннің қараңғылығы, биік өсімдіктер, күрделі тау рельефі кедергі келтіруде”, – делінген хабарламада.
Тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ.
25 шілде сағат 22:16-да ТЖМ күштері өртті толық сөндірді. Өрт 8 гектар алаңды жайлаған. Зардап шеккендер жоқ.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
