Алматыдағы метрода ер адам рельске құлап көз жұмды (видео)
Алматыда метроның “Абай” станциясында 26 жастағы жігіт рельске құлап мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Метрода 26 жастағы көзі нашар көретін ер адам рельске құлап кетті. Оқиға болған сәттегі видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеодан куәгерлердің вагонды итеріп, оны шығарып алмақ болғанын көруге болады. Полиция мен жедел жәрдем оқиға орнына шұғыл жетті. Алматы метрополитені қайлығы жағдайды растады.
“Оқиға салдарынан көзі нашар көретін 26 жастағы жігіт көз жұмды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаменті.
Ведомство болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алматы метрополитенінің мәліметінше “Абай” бекеті уақытша жабылатынын мәлімдеді.
“Метро қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Алайда полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын аяқталғанша Абай бекеті уақытша жабылды. Сәйкесінде пойыздар аталған бекетке тоқтамайды”, – делінген мәлімдемеде.
Бұған дейін ер адам метрода қызды сипағаны үшін 16 жылдан кейін түрмеге қамалған еді.