Алматыдағы мәйітханадан 41 адамның денесі ұрланған
Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлдебіреулер мәйітханалардан 41 адамның денесін ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Сонымен бірге олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Осы күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалды. Көз жұмған 41 адамның денесін белгісіз біреулер ұрлап кеткен", – деді Алматының бас коменданты.
Еске салсақ, бұған дейін ол қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 149 тұрғын мен 11 құқық қорғау қызметкері көз жұмғанын мәлімдеген болатын.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді