Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы құтқарушылар ескірген әскери аяқкиіммен жүруге мәжбүр

Алматыдағы құтқару қызметі мамандарының ескірген әскери аяқкиіммен тау кезіп жүрген видеосы желіде тарады. Бұл көптің шамына тиіп, желі қолданушылары наразы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Тұрғын құтқарушылардың аяқкиімін түсіріп, оларға жағдай жасалмағанын айтады.

“Қызметкерлерге 12 жылдан бері тауға арналған аяқкиім берілмепті. Ал қазіргі берцы тауға арналмаған”, – деді видео авторы.

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару қызметіне жауапты болмағандықтан, жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Ал Алматы қаласы әкімдігінің мамандары құтқарушыларға жыл сайын екі рет арнайы нысанды киімдер берілетінін айтты.



“Құтқару қызметінің жеке құрамы барлық қажет киім-кешекпен толық көлемде қамтамасыз етілген. Тамызда жазғы кезеңге 211 жұп жазғы етік шығарылды. Сонымен қатар жарияланымда көрсетілген фактілерді тексеру бойынша жеке құраммен жұмыс жүргізіліп, құтқарушылар арасында тау етіктерінің болмауы себептері анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Талқылау