Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда BI Group құрылыс нысанында қыз зорланды: Күдікті бостандықта жүр

BI Group объектісінің аумағында бригадир екі сағат бойы жұмысшы қызды ұрып-соғып, зорлаған. Бұл туралы НеМолчиKz қоғамдық қоры мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен  "Миленбаев" ЖК қосалқы мердігерінің құрылыс алаңында жұмыс істеген. Ол лифт және кілт ұстаушы қызметін атқарған.  Оның міндетіне бояу беру де кірді. Бояуды алуға үнемі "BigBro Group"ЖШС  қосалқы мердігер ұйымынан сырлаушылар бригадирі келген. 

Қор мәліметінше, бригадир бұған дейін де қызға тиіскен. Бірақ қыз оның бетін қайтарып, жігіті бар екенін айтқан. Әңгімеден қашқан.

21 наурызда сағат 20.00 шамасында ер адам қызды жаңа жұмыс ұсынысымен сөйлесуге шақырған. Олардың әңгімесін ешкім естімеуі үшін каптеркаға баруды талап еткен. Ер адам жаңа жұмысты ұсынған. Қыз ойланатынын айтқан. Осы уақытта бойжеткеннің жігіті оған қоңырау шалып, күтіп тұрғанын хабарлаған. Қыз шыға бергенде, бригадир оның артқы жағынан шабуыл жасаған.

"Ер адам есікке қарай бет алған қызға шабуыл жасап, оны тұншықтыра бастады. Құлаған кезде қыз басын ұрып алады, шашы шегеге оралып қалады. Жәбірленуші ер адамнан жалбарына бастайды", – дейді НеМолчиKz қорында.

Содан кейін ер адам қызға айқайлап, артқа жол жоқ деп айтады. Ол оны басынан және бетінен ұрып, пышақпен қорқытады. Жәбірленуші жігітіне қоңырау соғуды жалғастырды, бірақ күдікті қызды телефонды ұшақ режиміне қоюға мәжбүрлеп, оны зорлайды.



Сосын қызды сыра ішуге мәжбүр етіп, қорқытуды, ұрып-соғуды жалғастырды. Бұл шамамен 21.30-ға дейін созылған.

"Содан кейін ол екінші рет жыныстық қатынасқа түскісі келді, қыз жылай бастайды, жыламау үшін тым болмағанда музыканы қосуды өтінеді. Ер адам: "Шын жыламайсың ба?" деп сұрайды. Ол уәде береді. Бригадир оған телефонын береді, осы уақытта қыз түнгі ауысымда жұмыс істейтін таныс жұмысшыға бірнеше ватсап хабарлама жіберіп үлгереді. Өзін өлтірейін деп жатқанын және зорлағанын жазады, күзетшіден сұрап, табуды өтінеді", - делінген хабарламада.

Жұмысшы күзетшілердің көмегімен қызды тауып, полиция шақырды. Күдікті ұсталды. Бірақ үш күннен кейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Бұған қоса қызға жұмысында "Миленбаев" ЖК қысым көрсете бастаған,  өтінішін алу үшін ақша ұсынған. Наурыз айынан кейін қыз жұмыстан босатылғанын және оның орнына басқа біреу шақырылғанын білген. Ол бұйрықты талап еткен кезде, оған бұл субмердігерлік ұйым, ондағы барлық адамдар бейресми жұмыс істейтінін ғана айтқан.

Осыған байланысты "НеМолчиKZ" қоры BI Group басшысы Айдын Рахымбаевқа жүгінді.

"Сіздің объектіңізде ауыр қылмыс жасалғанын білмейтін шығарсыз, сондықтан біз сізден жағдайды жеке бақылауға алып, жәбірленушіні қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; оны басшылықтың қысымынан қорғау және өтінішті алу талаптарын тоқтату; қызметкерлерге арналған этикалық кодексті әзірлеу және енгізуді сұраймыз", - деп қор қызметкерлері компания басшысына жүгінді.

Олар Айдын Рахымбаевты жұмыс орындарындағы жыныстық қысымға қарсы науқанды басқарған Қазақстандағы  алғашқы көшбасшы болуға шақырды.

Өз кезегінде ұйым қылмысты ашуға бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарымен бірге істің барлық мән-жайларын анықтау үшін жедел топ құрылды, мәселе бірінші кезекке қойылды. 

Талқылау