Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда атыс дыбыстары естіледі: Әкімдік қала тұрғындарын алаңдамауға шақырды

Алматы 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Алматының сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы оқу-жаттығу барысында әртүрлі қаруды қолданудың сыртқы белгілеріне ұқсайтын жабдықтар қолданылатынын мәлімдеді (дыбыстық эффект, оқтың жарқылы, снаряд немесе минаның жарылысы кезіндегі бұлт тәріздес түтін, қоспалар мен аэрозольдердің шашылуы). 

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына алаңдамауды және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқу-жаттығу Жетісу ауданында, "ЖЭО-1" аумағында өтеді.



Еске салайық, бұған дейін 8-9 ақпан аралығында елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткенін жаздық. 

Талқылау