Алматыдағы кітапханаға қазақстандық олигархтың әкесінің есімі берілді
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасына Сералы Қаниевтің есімі берілді. Ол қазақстандық олигарх Берік Қаниевтің әкесі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жаңа кітапхананың ашылғаны жайлы университетте хабарланған. Сералы Қаниев жөнінде ақпарат ғаламторда өте аз. Дегенмен оның ғалым екені және осы университетте жұмыс істегені белгілі. Кітапхананың ашылуына ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы әкімі Ерболат Досаев та қатысқан.
Сералы Қаниев олигарх Берік Қаниевтің әкесі. Кәсіпкер елдегі ең ықпалды бизнесмендер тізімінде 29-орында тұр. Есеп бойынша байлығы 64 милллион доллар деп бағаланған.
Қаниев Lancaster Group компаниясының акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы. Компания "Ер Сай Каспиан Контракт", "Ерсай теңіз порты" ЖШС-ға иелік етеді.
Талқылау