Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Halyk Arena мен "Алматы арена" нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елде заңсыз жекенің қолына өтіп кеткен нысандардың мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. Олардың қатарында Алматыдағы Halyk Arena мен Алматы Арена да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

алматы арена

Фото: Алматы Арена, olympic.kz

Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифинг барысында мемлекет меншігіне өткізілген спорт нысандары жайлы айтты.

“Ақтаудағы “Мұз сарайы” спорт кешені коммуналдық меншікке қайтарылды. Нысан 2018 жылы “Бейбарыс-Ақтау” хоккей клубының басқарушысы, жеке кәсіпкерге негізсіз берілген. Осыған ұқсас Алматы қаласындағы мемлекеттік серіктестік арқылы өтеусіз негізде жекеменшік басқаруда болған Halyk Arena мен “Алматы Арена” нысандары коммуналдық меншікке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында ұйымның сенімгерлік басқаруында болған футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайтарылды”, – деді ол брифинг барысында. 

Бұдан бөлек Шымкентте 108 миллион теңгеге сатылған “Мұз сарайы” спорт кешенінің 67% үлесі мемлекетке өткен. 

“Жамбыл облысында 2017 жылы жекешелендірілген “Айша бибі” су полосы спорт клубы мемлекет меншігіне өткен. Бұдан бөлек спорттық атақтарды заңсыз беру деректері де анықталды”, – деді Бигайдаров. 

Талқылау