Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы бұрынғы теміржол ауруханасының жөндеу жұмыстарына 5,3 миллиард теңге бөлінбек

Алматы әкімі Ерболат Досаев шаһардағы бұрынғы теміржол ауруханасының қайта жөндеу жұмыстары қашан басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қала басшысының айтуынша, ауруханадағы қайта жөндеу жұмыстары 2024 жылы басталу керек еді. 

“Біз жұмысқа алған мердігер жобалық-сметалық құжатын тапсырып, теріс қорытынды алған. Бұл олардың жұмысының сапасы мен кемшіліктеріне қатысты. Өкінішке қарай, жоспарларымыз өзгерді. Бізде қажетті қаражат бар”, – деді Ерболат Досаева.

Оның сөзінше, жобалау жұмыстары келесі аптада (10-16 ақпанда) аяқталып, 45 күн бойы қаралады.

"Наурызда бюджет нақтыланып, оң нәтиже берсе, біз мәслихаттан балаларға арналған қалалық оңалту орталығының (бұрынғы аурухана орнында) құрылысына қолдау көрсетіп, жұмысты бастаймыз", – дейді Досаев.



Kazinform порталының мәліметінше, қалалық құрылыс бөлімі ғимаратты қалпына келтіруге 5,3 миллиард теңге бөлінетінін айтты.

2023 жылы Абай мен Масанчи көшелерінің қиылысындағы бұрынғы теміржол ауруханасының орнында қалалық деңгейдегі балаларды оңалту орталығы ашылады деп хабарланаған еді.

Бұған дейін Алматыда әкімнің тапсырмасымен салынған амбулатория әлі күнге дейін бос тұрғаны туралы жазған едік.

Талқылау