Алматыдағы белгілі мейрамхана иесі шымкенттіктерді "тобыр" деп атап, сығанға теңегені үшін сынға ұшырады
Фото: AI Copilot арқылы жасалды
Қазақстандық Алматыдағы Панфилов көшесінде орналасқан Bitanga мейрамханасына шағымын білдірді. Себебі дәмхана мегаполистен жақсы мейрамхана іздеп, жазба арнаған қызға шымкенттіктерді қорлайтын пікір қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads әлеуметтік желісінде алматылық қыз отбасының 50 жылдығын тойлайтын мейрамхана іздеп жатқанын айтып, жазба арнаған. Оған Bitanga мейрамханасы шымкенттіктер туралы пікір білдірген.
"Отбасыңда жетімнен бастап, шымкенттік 800 адамнан тұратын тобырға дейін бар ма? Анықтау керек. Өйткені ыңырсығандар мен ренжігендердің тұтас бір тобыры Алматыға келіп жатыр", – деп жазған олар.
Фото: Threads Бурахан Дақанов
Кейіннен мейрамхана бұл пікірін өшіріп тастаған.
Фото: Threads Бурахан Дақанов
Дегенмен көпшіліктің көзіне түсіп үлгерген бұл сөйлем, желі қолданушылары арасында сынға ұшырады. Солтүстікке қазақтарды қоныстандыру мәселесін көтеріп жүрген "Тәуекел" ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов дәмхана жауапқа тартылуы керегін айтты.
"Алматыдағы мейрамхана жазып отырған мына пікірі үшін жауапқа тартылуы керек. Еліміздің демографиясына, экономика және идеологиясына орасан үлес қосып жүрген осы шымкенттіктер екенін ұмытпауымыз керек. Дәмхананың иесі Ермек деген жігіт. Ал мейрамхана украиналық тағамдар жасайды", – деп жазды ол.
Алайда бұл пікірді мейрамхана өкілі ренішке балап, шымкенттіктерді Италияның оңтүстігіндегі сығандарға теңеді.
"Неге тобыр деген сөзге ренжіп отырсыздар? Шымкенттіктер отбасы дәстүрімен өмір сүреді. Қазақстанда отбасылық өмір сүру салты аймақтарға қарай ерекшеленеді. Мысалы, бұл мейрамхананың иелері солтүстікқазақстандықтар. Нақтырақ айтсақ, қарағандылықтар. Біз жақта той жылына бір-екі рет болады. Мерейтойлар да шағын өтеді. Солтүстік пен оңтүстік қазақтарының өмір сүру салты Италияның солтүстік пен оңтүстік тұрғындарының айырмашылығына ұқсайды. Италияда солтүстіктегілер тұйықтау, немістерге ұқсайды. Ал оңтүстігін мекендейтіндер отбасымен бірге немесе кейде сығандар секілді тұтас тобырмен өмір сүреді", – деп жазған Bitenge мейрамханасы.
Фото: Threads demure_.99
Кейіннен Bitanga мейрамханасының негізін қалаушы Ермек Смайылов шымкенттіктерден өз пікірі үшін кешірім сұрады.
"Bitanga мейрамханасының иесі және негізін қалаушы. Пікірлеріміздің бірінде қолданған "Шымкенттік тобыр" деген сөз қала тұрғындарының көңілін қалдырғанына өкінемін. Бұл сөз қорлау мақсатында айтылған жоқ. Тек көп адам мен олардың тобын айту мақсатым болды. Нәтижесінде мен СММ маманы ретіндегі өкілеттігімді тоқтаттым. Енді корпоративтік аккаунттан әлеуметтік желілерде пікір жазбаймын. Бүкіл ұжымның атынан өтініш ретінде сіздерді жеке парақшама шақырамын. Мен шымкенттіктерді жақсы көремін және құрметтеймін. Егер біреуді ренжітіп алсам, кешірім сұраймын", – деді ол.
Сондай-ақ ол ешкімді кемсіту ниетім болмағанын, осы жағдайдан сабақ алып, алдағы уақытта әр сөзіне мұқият болатынын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жібергені туралы жазған едік.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
