Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында тас құлап, туристерді басып қала жаздады
Видеодан скриншот
Алматының тауларында, Проходное шатқалындағы Алма-Арасан термалды бұлақтарында қатты жауған жаңбыр салдарынан тас құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға кезінде сауықтыру кешенінің аумағында туристер болған. Олардың бірі тас құлаған кезде суға түсіп жатқанын, бірақ жүгіріп шығып үлгергенін айтты. Кешеннің бір бөлігі қатты зақымдалған.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2 мамыр сағат 16:10 шамасында Алма-Арасанның (Проходное шатқалы) радон көзінде тас құлағанын хабарлады. Соның салдарынан алаңдағы орындықтар мен киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі бүлінген.
"Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары аумақты зерттеу үшін оқиға орнын аралауды ұйымдастырды. Радон көзі орналасқан 31,8 гектар жер учаскесі Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман қоры жерлеріне жатпайтыны анықталды”, – деп түсіндірді комитет.
2014 жылы жүргізілген орман орналастыру жұмыстарына, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" Алматы қаласы бойынша филиалының 2023 жылғы 16 қазандағы хатына және карта-сызбасына сәйкес радон көзі Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан.
Бұған дейін 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының негізгі учаскелерінің бірі – Алма-Арасан радон көзі қайта қалпына келтірілетіні хабарланған.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
