Алматыдағы 18 жастағы қыздың азапты өлімі: Күдікті қолға түсті
Алматы қалалық полиция департаменті Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған 18 жастағы азаматша А-ны өлтірді деген күдіктінің қолға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Күдікті азамат С. Алматы қаласының маңынан ұсталды. Ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жалғасуда", - деп түйіндеді Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 18 жастағы қызды өлтіріп, денесін өртеп кеткені туралы жазылған. Жантүршігерлік оқиға жалға берілетін пәтерде болған.
Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе ол 15-жылдан 20-жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"