Алматыда зираттан ескерткіштер мен қоршауларды тиеп алған жүк көлігі тұрғындарды шошытты

Фото: Желі кадрларынан скрин
Алматы облысында жүк көлігі зираттан ескерткіштер мен қоршаулар тиеген. Жүк көлігінің видеосы желіде тарап, жұртты алаңдатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушыларының айтуынша, оқиға өткен демалыс күндері болған. Куәгер әйел Боралдай зиратында ескі ескерткіштер мен қоршауларды жүк көлігіне тиеп жатқан адамдарды видеоға түсіріп алған.
"Демалыс күндері белгісіз адамдар Түркістан облысынан келіп, Боралдай зиратында қабірлерден алынған металл ескерткіштер мен қоршауларды көлікке тиеп жатты. ", – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Куәгер әйел болған жағдайды видеоға түсіріп, полиция қызметкерлерінен түсініктеме сұраған. Бірақ олар нақты жауап бере алмаған. Тіпті қандай да бір түсініксіз құжатты көрсеткен.
Алматы қалалық полицияның мәліметінше, бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізген.
-
Зират жанына салынған балалар алаңы желіде қызу талқыға түсті
-
Алматыдағы жағалаудан гранит тақталарды ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалды
"Анықталғандай, алынған ескерткіштер мен қоршаулардың нақты иелері жоқ. Олар иесіз деп танылған және металл сынықтары қоқыс ретінде шығарылған. Жұмыстар зират әкімшілігінің келісімімен жүргізілген. Құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ", – деді полиция өкілдері.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді