Алматыда жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Видеодан скрин
Алматыда жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол апаты сағат 16:00 шамасында Есеналиев көшесінде болған. Жолды жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан 12 жастағы қызды көлік қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік Hyundai Accent маркалы болған. Қазір полиция жүргізушіні іздестіріп жатыр.
“Іздеу жұмыстарына әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылды. Ол міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады”, – деді полиция өкілдері.
Қыз балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған.
Жол апатының мән-жайын Бостандық ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда автобус аялдамаға соғылып, жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазғанбыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген