Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адам желіде талқыға түсті
Алматыда ер адам жол ортасына көлігін қойып, намаз оқыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары ер адамды анықтап, жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартқан. Сонымен қатар әңгімелесу жүргізіпті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жол үстінде намаз оқуға болмайтынын мәлімдеген еді.
“Құрметті жұма намазына келуші жамағат! Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеті жерде намаз оқуға тиым салған. Олар: қоқыс жиналған жерде, мал соятын орында, қабір басында, жолдың үстінде, моншада, мал суарылатын орында және қағбаның үстінде. Жол үстінде намаз оқуға тыйым салуының басты себебі – жол қозғалысына кедергі келтірмеу. Ол көшемен жедел жәрдем көлігі, өрт сөндіру көлігі немесе жұмысына асыққан адам жүретіні белгілі. Сондықтан 5 минутқа көшені жауып намаз оқу қаншама ұзын-сонар көше көптелісін туындатады”, – деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.