Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атып өлтірген: Алматыда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда жоғалып кеткен 1972 жылы туған Ерлан Жағыпаровтың мәйіті табылды. Қайғылы хабарды ер адамның туыстары растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме беріп.

Жағыпаровтың туыстары оның 6 қаңтарда сағат 18:40-18:50-де Сәтпаев және Назарбаев көшелерінің қиылысында жоғалып кеткенін мәлімдеді. 12 қаңтар күні, сәрсенбіде олар оның қайтыс болғанын білген.

Туыстарының сөзіне қарағанда, оны атып өлтірген.

“Ерланның қолы алты еді, оны әзілдеп мүсінші дейтінбіз. Қазір ол әкеміз үшін өзі тұрғызған күмбездің жанында жатыр. 2022 жылы оның қолына кісен салынған, аяусыз соққыға жығылған, жүрек тұсынан оқ атылған күйде табамыз деп тіпті елестете де алмадым. Оның және басқалардың денесі сонау 1937 жылғыдай мәйітхананың дәлізінде жатты. Иманын саламат болсын, аға”, – деп жазды марқұмның бауыры.

Інісі марқұмның өмірге құштар азамат болғанын жазады.

“Ерлан түркі халықтарының тарихы мен археологиясына, өмірге құштар адам еді. Ол археологиялық науқандарға ерікті ретінде барып жүретін. Барған жүрлерін аузынан тастамай айтып, бізге де көрсететін”, – деп еске алды ол. 

6 қаңтарда шамамен осы ауданда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар да көз жұмған еді.


Қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз еткісі келген: Алматыда дүкен иесін көлікте отырған жерінен атып кеткен 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр