Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз еткісі келген: Алматыда дүкен иесін көлікте отырған жерінен атып кеткен

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны әлі нақтыланған жоқ. Комендатура тізім жасап, бұл ақпаратты алдағы уақытта беретінін хабарлады. Әлеуметтік желілерде адамдар тәртіпсіздіктер кезінде өлген туыстары мен достары туралы оқиғаларын жазп жатыр. Қапада қаза болған бейбіт тұрғынның бірі Гарифуллин Алмаз. Жас кәсіпкерге дүкенге азық-түлік жеткізу үшін көлігіне жанармай құюға бара жатқан жолда мерт болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп. 

Бірнеше жыл бойы жас кәсіпкер өз дүкенін ашу үшін ақша жинаған. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік күндері, көптеген адам қолма-қол ақшасыз қалған кезде, кәсіпкер адамдар аш қалмауы үшін, тауарларын қарызға берген. Тауарлар тез таусылып, ол өзінің азық-түлік қорын толтыру мақсатында қалаға шықпақ болады. Бірақ көлігінде жанармай бітіп, досы Александрмен бірге жанармай құю бекетін іздеп кеткен.  ЖҚС жанындағы тұманды кеште белгісіз біреу оның көлігіне оқ атқан.

“Біздің алдымызда автокөлік тұрды. Қараңғы, шамдар жұмыс істемеді. Біздің алдымызда көлік бұрыла бастады. Біз баррикадаға ұқсас нәрсені көрдік. Мен оған да бұрыл дедім. Біз бұрылып жатқанда алдымыздағы көлік кетіп қалды. Сол сәтте оқ атылды. Полиция мен жедел жәрдемге хабарласа алмаған соң, Александрдың өзі Алмасты ауруханаға жеткізген. Бірақ дәрігерлер оның жолда қан көп жоғалтып, қайтыс болғанын айтты. Туыстары мәйітті мәйітханадан алып, Алмасты жерледі. Енді олар кінәлілерді тауып, жазалайды деп үміттеніп отыр”, – дейді досы Александр Тимаев. 



“Оқ есіктің жақтауына тиді де, өтіп кетті. Иық тұсының ішкі жағына тиген. Біз оқиға болған жердегі Алатау АІІБ-не арыз жаздық. Енді біз оқтың қандай болғанын, кім атқанын анықталуын күтіп отырмыз. Оқтың өзі жоқ, ауруханаға түскен күні адам көп болып, дәрігерлер үлгермеген еді”, – дейді Ернұр Гарифуллин, мапқұм Алмастың бауыры.

Достары Алмасты мейірімді және жауапты адам ретінде сипаттайды. Ол әрқашан адамдарға көмектескісі келіп тұратын. Қайғылы жағдай орын алған күні ол қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сауда орнына барды. Бірақ ол тәртіпсіздіктерге қатыспағанына қарамастан оқ тиіп қайтыс болды. Осындай мысалдар өте көп.

Полиция қаза тапқандар мен жараланғандардың жақындарына тергеу үшін хабарласуға кеңес береді.

“Егер ТЖ салдарынан жақындары қаза тапқан азаматтар болса, олар сотқа дейінгі тергеу органымен байланыста болуы тиіс. Өтініш жазудың қажеті жоқ, өйткені әр өлім полицияда тіркеледі”, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Талқылау