Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде ҚазҰУ ректорының ұлы көз жұмған: Жаңа деректер белгілі болды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапты. ЖОО-ның баспасөз қызметі қайғылы жағдайдың қалай орын алғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ректоры Ж.Түймебаевтың ұлының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты жалған ақпарат тарамас үшін келесіні хабарлаймыз. 06.01.2022 ж. Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын кешкі сағ. 18.35 минут шамасында Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан.
Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде”, – деді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінде.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"