Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматшалары ұсталды
Алматыда жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматшалары ұсталды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, жезөкшелікпен айналысқан төрт шетелдік әйел жауапкершілікке тартылған.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаладағы қонақүйлердің бірінде интимдік қызмет көрсетумен айналысқан 11 әйел анықталды, олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары.
- "Kyzdar.net пен полиция қызметкерінің қорғауы": Астанадағы тұрғын үй кешенінде табысы 500 миллион теңгеден асатын секс-притон анықталды
- "Шегетінін шегеді, ішетінін ішеді": Қоғам белсендісі хиджабтағы қыз-келіншектерді сынап тастады
“Олар – 1997, 2000 және 2003 жылы туғандар. Құқық бұзушылар ҚР “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” заңының 29-бабы бойынша материал жинау үшін Алатау аудандық ПБ-ға жеткізілді, содан кейін қабылдап-таратуға орналастырылды. Қонақүйде ұсталған алты әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал қонақүй кешенінің иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды”, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.
Полиция сонымен қоса14 қарашадан бастап қалада шетел азаматтарының ҚР-да болу ережелерін бұзу деректерін анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын және шетелдіктерді заңсыз тартуды анықтау мақсатында іс-шара жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.