Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның ісі Антикорға өткен: Күдіктілер әлі ұсталмаған

Ақнәрдің қазасына қатысты ісФото: Коллаж Stan.kz

2024 жылдың шілде айында 22 жастағы қыздың Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап, қаза табуына қатысты іс бойынша тергеу жалғасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұм Ақнәр Гүлстанның қазасы бойынша адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Антикор) тергеушісіне берілген. Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылғаннан кейін тергеушілер қайта аккредитациядан өтуі қажет болған.

"Іс жабылған жоқ. Материалдар Антикор тергеушісіне берілді. Аккредитация процесі аяқталған соң тергеу белсенді түрде қайта жалғасады", – деді адвокат.

Сондай-ақ адвокат іске қатысы бар делінген қыздардың қазір қайда екенін айтты. 

“Олар Алматыда. Бұған дейін, яғни іс маған өткенге дейін олар Қытайға кетіп жүрген. Қазір оларға елден шықпау жөнінде нұсқау берілген”, – дейді адвокат.


"Құрбысы алдап шақырып, шығармай қойған": Алматыда терезеден құлап қаза тапқан қызға қатысты жаңа видео тарады


“Біз оны қинаған жоқпыз”: Жетінші қабаттан құлап кеткен Ақнәрдің жанында болған құрбысы оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді


Алматы қаласы полиция департаменті де істің Антикорға жолданғанын растады. 

"Алматы қаласының прокуратурасымен қылмыстық істің бағыныстылығы өзгертілді. Іс материалдары одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне жолданды", – делінген хабарламада. 

Істің мән-жайын білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сұратым хат жолдадық. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы әділдік сұрағанын жазған едік. Марқұм Ақнәр Қамитованың анасының айтуынша, қызы өздігінен құлаған жоқ. Оны екі құрбысы тырнағы мен саусағын жұлып, азаптап өлтірген. Кейіннен Ақнәр Гүлстанныңөліміне қатысты тағы бір нұсқа айтылып, оның жігітімен жанжалдасқаны айтылды. 

Жұмаділлә Нұрила
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 16:25
Талқылау