Алматыда жер сілкінді: Төтенше жағдайлар министрлігі үндеу жасады

Бүгін Алматы тұрғындары жер сілкінісінің дүмпуін сезді. Куәгерлердің айтуынша, толқын айтарлықтай байқалған, ал кейбіріне алдын ала Google ескертуі келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін, 17 ақпан 2026 жылы Алматы қаласының тұрғындары жерасты дүмпулерін сезді. Куәгерлердің айтуынша, толқын айтарлықтай сезілген.
"Дүмпу қатты болды, қабырғалар шайқалды", “8 қабатта отырған едік, қатты сездік”, “Сұмдық болды”, – дейді тұрғындар.
Кейбір қолданушылардың хабарлауынша, Google жүйесі жер сілкінісі туралы ескерту жіберген. Ескерту мен дүмпудің арасы шамамен екі секунд болған. Оқиғаға қатысты мәліметтер нақтыланып жатыр. Ал Android Earthquake Alerts System сервисінің алдын ала дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы шамамен 5,1 болуы мүмкін.
Бұдан бөлек төтенше жағдайлар министрлігі Алматы мен облыс тұрғындары сезген жер сілкінісіне түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шамамен 74 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Министрлік 2 балдық жер сілкінісі болғанын растады.
“Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы хабар түскен жоқ”, – делінген хабарламада.
Есептік қарқындылығы:
- Алматы қаласы. 2-3 балл.,75 шақырым
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы 4 балл.,35 шақырым
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы 4 балл.,39 шақырым
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодное ауылы 3 балл.,44 шақырым
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Ж.Қайыпова ауылы 3 балл.,45 шақырым
- Алматы облысы Кеген ауданы, Саты ауылы 3 балл.,48 шақырым
- Алматы облысы Талғар ауданы, Талғар қаласы, 3 балл.,52 шақырым
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы 3 балл.,62 шақырым
- Алматы облысы Кеген ауданы, Жалағаш ауылы 3 балл.,67 шақырым
- Алматы облысы Іле ауданы, Өтеген-Батыр ауылы 3 балл.,73 шақырым
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Көкпек ауылы 2 балл.,77 шақырым
- Алматы облысы Іле ауданы, Боралдай ауылы 2 балл.,84 шақырым
- Алматы облысы Алатау (Жетіген) қаласы, 2 балл.,84 шақырым
- Алматы облысы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, 2 балл.,99 шақырым
- Алматы облысы Қонаев қаласы 2 балл.,103 шақырым
- Алматы облысы Кеген ауданы, Кеген ауылы 2 балл.,113 шақырым
- Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы 2 балл.,115 шақырым
- Алматы облысы Жамбыл ауданы,Ұзынағаш ауылы 2 балл.,123 шақырым
- Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы 2 балл.,136 шақырым
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылы 2 балл.,136 шақырым
- Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы 2 балл.,140 шақырым.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің күші небәрі 2 балл болған. Сондықтан автоматты түрде ескерту жүйесін іске қосу үшін тым әлсіз. Mass Alert жүйесі тек 5 балл және одан жоғары қарқындылықта ғана қосылады.
"Азаматтарды дүрбелең таратпауға және тек ресми, тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", – деп мәлімдеді ТЖМ.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты