Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен құлап кетті
Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінен құлап кеткен. Қайғылы оқиға 18 қарашада Әуезов ауданында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: cripo.com.ua
Үй тұрғындарының айтуынша, кеше кешке шамамен 11-12 жас шамасындағы бала үйдің подъезіне кіріп кеткен. Ал таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секірген.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған бала 2009 жылы туған.
Айта кетейік, бұған дейін Астана маңындағы ауылда 14 жастағы қыз өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды