Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірім қалтасындағы пауэрбанк жарылып ауыр күйік алды

Алматыда жасөспірім қалтасындағы пауэрбанк жарылып ауыр күйік алды
Коллаж: Stan.kz

Алматыда жасөспірім қалтасындағы пауэрбанк жарылып, ауыр күйік алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 15 шілдеде Алматы қаласында болған. 16 жастағы жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк кенеттен тұтанып кеткен. Соның салдарынан ол ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Алматы қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Курметбек Тоқтардың мәліметінше, бозбаланың қалтасындағы сымсыз қуаттағыш жарылып, отқа күйген.


Смартфондарға арналған танымал пауэрбанктер қауіпті болып шықты


"Жедел жәрдем бригадасы оны қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде денесінің 20 пайызын зақымданған ІІІ Б дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойды", – деді ол.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр. Ол тиісті бөлімшеде ем алып жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаны растады.

Еске салсақ, Петропавлда ұялы телефонның қуаттағышы жарылып, пәтерде өрт шықты. Үй иесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 20:21
Талқылау