Қайғылы оқиға 8 сәуір күні күндіз “Алтын Бұлақ-2” тұрғын үй кешенінде болған.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Алматы маңында әйел терезе жуып жатып, 10-қабаттан құлап кетті
"Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Тергеуді Алматы қаласының Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізу" бойынша жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел 18-қабаттан секіріп кеткені туралы жазған едік.