Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел 18-қабаттан секіріп кеткен
"Комфорт Сити" тұрғын үй кешенінде сағат 06:30 шамасында 25-35 жас аралығындағы әйел адам 18-қабаттан секіріп кеткен деген болжам бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: @turksib_ok
Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнында қан іздері байқалған. Оқиғаның толық мән-жайын Алматы полиция департаменті айтып берді.
"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Астанада 26 жастағы әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмғанын жаздық. 26 жастағы әйел өзі бөлме жалдап тұрған пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі – жігітімен айырылысуы.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн