Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаппай вакцинациялау бірнеше күнге тоқтатылады

Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау бірнеше күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың сөзінше, вакцина дүйсенбіде жасалады. 

"Екі күн ішінде Алматы қаласының 17 мыңнан аса тұрғынына вакцина салынды. Ауруханалардан бөлек, Asia Park сауда ойын-сауық орталығы мен Республика сарайында вакцинация жүргізілді. Бүгін кем дегенде 10 000 адамға вакцина салынады деп ойлаймын. 3-4 күнде вакцинаның жаңа партиясы келеді. Жаңа партия жеткізілгенге дейін вакцинацияны шектеу қажет болады. Қалғанын тек Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған адамдар контингентіне салуға тырысамыз. Ертең екпе жасалады, бірақ соңғы екі күндегідей емес, шектеулі мөлшерде", -  деді Нариман Табынбаев

Сөзінше, жақын күндері қалаға тиісті мөлшерде екпе жеткізіледі.

"Сәуір айында вакцина жеткілікті болады деп ойлаймын. Біз вакцинацияны тек медициналық мекемелерде ғана емес, халықты кеңінен қамту үшін дайындалған вакцинация пунктерінде де жасау керектігін түсіндік. Біз ертең вакцинация жасаймыз, бірақ шектеулі мөлшерде. Осы екі күндегідей ауқымда емес", - деп қосты ол. 

Талқылау