Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 149 тұрғын көз жұмған
Алматы қаласы ПД басшысы Қанат Таймерденов қалада жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қанша адам көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Алматыдағы тәртіпсіздіктердің салдарынан 149 тұрғын, 11 құқық қорғау органдарының қызметкері көз жұмды”, – деді Таймерденов.
Бұға қоса ол әлдебіреулер мәйітханалардан 41 адамның денесін ұрлап кеткенін мәлімдеді.
"Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Сонымен бірге олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Осы күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалды. Көз жұмған 41 адамның денесін белгісіз біреулер ұрлап кеткен", – деді Алматының бас коменданты.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді